Бухгалтер ретінде тәжірибе жасаңыз
DOCX
Жамбыл орман шаруашылығы кәсіпорны Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігінің балық аулау, орман және аң аулау шаруашылығының Жамбыл басқармасының құрылымдық бөлімі болып табылады. Бұл мекеме орман қоры, орман, балық және жануарлар әлемінің басқа да обьектілеріне басқару жүргізеді және сонымен бірге оларды қайта өндіру, қорғау, сақтауға мемлекеттік бақылау жүргізеді. Орман шаруашылығы заңды тұлға, жеке балансы, банкте есеп айырысу шоты Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбасымен мөрі бар. Өз қызметін жүргізу кезінде орман шаруашылығы Қазақстан Республикасының Конститутциясы, заңдар, ҚР Президенті және Үкіметінің актілерін және басқа да Құқықтық актілер мен нұсқауларды қолданады. Орман шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік меншік құқығын жүргізуші орман, балық, және аң аулау шаруашылық комитеті атқарады. Орман шаруашылығы аппаратты ұстау, орманды сақтау қорғау, қалпына келтіру ерекше қорғалатын табиғи территорияларды ұстау және дамыту шығындарының барлығы Республикалық бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі. «Тараз Орманы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) 01.12.2005ж. №111-19-19-02 ЖШС әділет тіркеуі туралы куәлік негізінде құрылған.Ұйымның негізгі қызметі: орман қорғау жұмыстары, орманды қалпына келтіру, орман питомниктік жұмыстары, барлық орман кесу және кесілген орманды өңдеу жұмыстарын жүргізілу, екінші деңгейлі орман материалдарын, орманды қосымша пайдалану ресурстарын дайындау және өңдеу, өсімдік және жануарлар әлімінің өндірісі бойынша жұмыстар, аң аулау алқаптары мен су тоғандарында аң және балық шаруашылығын жүргізу жұмыстары, аң және балық аулау құралдарын сатып алу мен сату, коммерциялық сауда мен делдалдық қызмет, құрылыс, монтаждау, қалпына келтіру, құмды жөндеу, өңдеу жұмыстарын жүргізу, жер суландыру жұмыстары (арықтарды, каналдарды, өзендерді тазалау), жалпы кең тараған пайдалы қазбаларды барлау мен шығару, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өндіру, көбейту мен сату, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өсіру, дайындау, өңдеу, өндіру және сату, жер және өсімдік шаруашылығы саласындағы жұмыстардың өндірісі, селекциялық тұқым шаруашылығы, сортты және будандық тұқымдармен қамтамасыз ету, өндірісі, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өңдеу және сату, сыртқы экономикалық қызмет, ТМД елдеріне және үшінші елдерге экспорттық-импорттық операциялар.